Үкімет тұрақты вегетациялық кезеңді қамтамасыз ету үшін суды тұтыну лимиттерін бекітті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су ресурстары және ирригация министрлігі алдағы вегетациялық кезеңге дайындықтың кешенді жоспарын ұсынды. 

Министрлік маусымға дайындық шеңберінде оңтүстік облыстардағы негізгі су қоймаларын толтыру жұмыстарын жүргізуде, бүгінде онда 23,4 млрд текше метр су жиналды.

Вегитациялық кезеңді тиімді өткізу үшін еліміздің 5 өңірінде су пайдалану лимиттері белгіленді:

  • Түркістан облысы – 3,8 текше километр
  • Қызылорда облысы – 3,2 текше километр,
  • Алматы облысы – 2,1 текше километр,
  • Жетісу облысы – 1,8 текше километр,
  • Жамбыл облысы – 1,2 текше километр.

Инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Осы жылы 394 гидротехникалық құрылысжайды жөндеу және 2,2 мың шақырымнан астам каналды тазалау жоспарлануда. Жаңа жобалар бойынша да жұмыстар жүруде. Инвестиция тарту есебінен Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында үш жаңа су қоймасының құрылысы басталды, сондай-ақ Көксарай контрреттегішін реконструкциялау және оңтүстіктің бес облысында 103 каналды автоматтандыру жүзеге асырылуда.

Қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде соңғы 2 айда су жинау динамикасы артып, қосымша 1,5 млрд текше метр көлемінде өсім қамтамасыз етілді. Өзен бассейндеріндегі ахуалға тұрақты мониторинг жүргізілуде, дәл қазіргі басты міндет – бекітілген лимиттерді қатаң сақтау және су үнемдеу технологияларына көшу, — деді Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1167945?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version