Бурабай ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жалған автокөлік бөлшектерімен байланысты алаяқтық жасаған күдіктіні анықтады. “Audi 80” маркалы автокөлікке қозғалтқышты сату туралы жалған хабарламаны күдікті WhatsApp мессенджерінің топтарына орналастырған. Автокөлік иелерінің бірі хабарландыруға қызығушылық танытып, автормен байланысқа шыққан. 180 000 теңге төлеген сатып алушы сол күйі қозғалтқышты көрмеген. Бірнеше күннен кейін ақмолалық полицияға арыз берді.
Жедел – іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Бурабай ауданының полиция қызметкерлері жалған хабарландырудың авторын анықтады, ол Көкшетау қаласының тұрғыны болып шықты.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Полицейлер айыпталушының осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері онлайн – сатып алу немесе қызмет көрсету саласындағы алаяқтық – аймақтағы ең кең тарағандардың бірі екенін еске салады. Жалған хабарландырулар немесе тауарларға алданып қалмау үшін алдын-ала төлемді бейтаныс сатушыларға аудармау, сатушының профилін, хабарландырулар тарихы мен шолуларын тексеріп, төмен баға мен шұғыл ұсыныстардан сақ болыңыз, сондай-ақ хат-хабарлар мен төлем чектерін сақтаңыз;
Полицейлер алдау туралы күдік туындаған жағдайда ішкі істер органдарына дереу жүгінуді ұсынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1167633?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау