Жалғызтөбе ауылдық округі аумағында «Шынықсаң шымыр боласың» ұранымен ауыл жастары арасында орта доптан ауыл әкімі кубогі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 22 ақпан күні Жалғызтөбе ауылдық округі аумағында «Шынықсаң шымыр боласың» ұранымен ауыл жастары арасында орта доптан ауыл әкімі кубогі ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері Қалмахан Бекмағанбетов, Серік Кембаев және ауылдық округ әкімі М. Тайтелиев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа үш команда қатысып, тартысты ойын нәтижесінде:
🥇 I орын – «Мәдениет» командасы
🥈 II орын – «Жетібай жастары» командасы
🥉 III орын – «Әкімшілік» командасы иеленді.
Спорт нұсқаушысы – Н. Абдуахас.
Спорттық шара жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, ауызбіршілік пен ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak-zhalgyztobe/press/news/details/1167065?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version