2026 жылдың 17 ақпанында Жаңасемей ауданы коалициясының мүшелері Қаштақ орманшылығы, Талица негізгі мектебінің ұжымымен кездесулер өткізді. Басты тақырып — 15 наурызға жоспарланған республикалық референдум.
Кездесулер барысында азаматтарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша түсіндірмелер берілді.
Жаңа жобаның негізгі бағыттары:
- Мемлекеттік басқару: Вице-президент лауазымын енгізу және билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайту.
- Әлеуметтік кепілдіктер: Еңбек құқықтарын қорғауды күшейту және тұрғын үй қолжетімділігін қамтамасыз ету.
- Адам құқықтары: Азаматтардың бостандықтарын қорғау тетіктерін кеңейту және сот жүйесінің рөлін арттыру.
Коалиция мүшелері бұл өзгерістер «Мемлекет адам үшін» қағидатын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.
15 наурыз күні өз таңдауыңызды жасаңыз! «Сіздің таңдауыңыз — еліміздің болашақ бағыты!».
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1168118?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау