Жаңа Конституция – ел дамуының басты бағыты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Науқан аясында облыстық және аудандық деңгейдегі коалиция мүшелері Көктал ауылдық амбулаториясында кездесу өткізді.

Онда Конституциялық реформа мен референдумның мәні жан-жақты талқыланды. Кездесуді коалиция өкілдері жүргізіп, ең алдымен Конституцияның жаңа жобасын қабылдаудың қоғамдық маңызына тоқталды.

Ұсынылып отырған жаңа Конституция мемлекет билігінің тармақтарында теңгерімді қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық кепілдіктерін нығайту және билік пен қоғам арасындағы сенімді тереңдету секілді бастамаларды көздейді.
Сондай-ақ, референдум – Конституцияны қабылдауға қатысты қоғамдық пікірді тікелей білдірудің маңызды формасы екені айтылды. Дауыс беру арқылы жаңа Конституцияға қатысты пікірді нақты көрсететінін, әр дауыс маңызды, себебі ол елдің болашағына әсер ететіні атап өтілді.

Кездесу соңында тұрғындар алдағы референдумға бей-жай қарамайтындарын, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын сәтте барлығына белсенді қатысу қажеттігін атап өтті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1167472?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version