Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР САМБО ЖӘНЕ ЖАУЫНГЕРЛІК САМБОДАН ӨТКЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 11 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ
Қарағанды қаласында 8-12 ақпан аралығында самбо және жауынгерлік самбодан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Ел біріншілігіне республиканың барлық өңірлерінен 517 спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Дүбірлі додада Түркістан облысының құрама командасы табысты өнер көрсетіп, 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль қоржынға салды. Атап айтар болсақ, 50 келі салмақта сынға түскен Жадыра Пайыз бен 59 келіде өнер көрсеткен Гүлзира Құдасбек чемпион атанды. Сондай-ақ, 64 келіде Меруерт Нұрмаханова мен 80 келіден жоғары салмақта Нұрилла Асанқызы қарсылас шақ келтірмей, қос алтынды қанжығаларына байлады. Сонымене қатар, 50 келіде Айман Ибрагимова мен Шолпан Алтынбек күміспен күптелсе, 72 келідегі Ақбота Қыдырәлі де екінші орынды қанағат етті. Ал, қола медальді місе тұтқандар қатарында 50 келіде Айжан Жылқыбаева, 54 келіде Әлия Рад, 59 келіде Сая Әуелбекова және 80 келіде Ұлболсын Адилова бар. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысының командасы жалпы командалық есепте екінші орынды иеленді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
ТУРКЕСТАНСКИЕ СПОРТСМЕНЫ ЗАВОЕВАЛИ 11 МЕДАЛЕЙ НА ЧЕМПИОНАТЕ СТРАНЫ ПО САМБО И БОЕВОМУ САМБО
В Караганде с 8 по 12 февраля прошел чемпионат Республики Казахстан по самбо и боевому самбо среди взрослых. В первенстве страны приняли участие 517 спортсменов из всех регионов республики, которые определили сильнейших.
Сборная Туркестанской области успешно выступила на соревнованиях, завоевав 4 золотые, 3 серебряные и 4 бронзовые медали. В весовой категории 50 кг чемпионами стали Жадыра Пайыз и Гульзира Кудасбек, выступавшая в весовой категории 59 кг. Также в весовой категории 64 кг Меруерт Нурмаханова и в весовой категории свыше 80 кг Нурилла Асановна не дали соперницам шанс и взяли два золота. Айман Ибрагимова и Шолпан Алтынбек (50 кг), также Акбота Кыдырали (72 кг) заняли второе место. Бронзовые медали завоевали Айжан Жылкыбаева (50 кг), Алия Рад (54 кг), Сая Ауельбекова (59 кг) и Улболсын Адилова (80 кг). По итогам соревнований команда Туркестанской области заняла второе место в общекомандном зачете.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1167032?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version