ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Павлодар қаласында 10-17 ақпан күндері ерлер мен әйелдер арасында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Додаға еліміздің барлық өңірлерінен жиналған таңдаулы спортшылар қатысты.
Әйелдер арасында өткен тартысты бәсекеде Түркістан облыстық ұлттық спорт түрлерінен мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің өкілі Ақбота Намаз шебер ойынымен дараланып, ел чемпионы атанды. Аталған жеңістің нәтижесінде ол Румынияда өтетін Әлем чемпионатына ресми жолдама алып, Қазақстан құрамасының сапында ел намысын қорғайтын болды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
ТУРКЕСТАНСКИЙ СПОРТСМЕН СТАЛ ЧЕМПИОНОМ СТРАНЫ ПО ТОГЫЗКУМАЛАКУ
10-17 февраля в Павлодаре прошел чемпионат Республики Казахстан по тогызкумалаку среди мужчин и женщин. В соревнованиях приняли участие лучшие спортсмены из всех регионов страны.
В соревнованиях среди женщин представительница Туркестанской областной специализированной детско-юношеской спортивной школы по национальным видам спорта Акбота Намаз стала чемпионкой страны. В результате этой победы она получила официальную путевку на чемпионат мира в Румынии, где выступит за сборную Казахстана.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1168272?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау