ЕСКЕРТУ!
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, жер учаскелерін пайдалану барысында заң талаптарының сақталуы міндетті екенін хабарлаймыз.
Осыған байланысты:
• Жер учаскелерін өз бетінше иеленуге, заңсыз қоршауға немесе мақсатсыз пайдалануға жол берілмейді;
• Жер тек заңда белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылуы тиіс;
• Құжатсыз құрылыс жүргізу, жерді рұқсатсыз басқа тұлғаға беру немесе игермей бос қалдыру — заң бұзушылық болып есептеледі;
• Заң талаптары сақталмаған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.
Барша тұрғындарды жер заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және жерді тиімді әрі заңды пайдалануға шақырамыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, ауылдық округ әкімдігіне жүгінуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-amanbokter/press/news/details/1168436?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау