Зорлық-зомбылыққа қарсы профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зорлық-зомбылыққа қарсы профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды

2026 жылдың 18 ақпан күні “Үшарал қалалық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінің заңгер бас маманы Ж.Сатыбалдинов, жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Ә.Жолдыбай, Алакөл АПБ ҚҚБ Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы полиция майоры М.Старковамен бірлесіп, Жетісу облысы әкімдігінің Некеге мәжбүрлеу, сталкинг және әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру және нөлдік төзімділікті қалыптастыру жөніндегі ақпараттық профилактикалық іс-шаралар жүргізді.

Шараның мақсаты: тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, жасөспірімдерге әлімжеттік жасамау және қоғамдағы әйелдердің орны мен рөлі туралы түсініктеме беру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-usharal/press/news/details/1167477?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version