📌 Қоңыр ауылдық округі әкімдігінде Әдеп кодексі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қоңыр ауылдық округі әкімдігінде мемлекеттік қызметшілер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын күшейту мақсатында түсіндіру жиыны өткізілді.
 
Іс-шара барысында:
•Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау міндеттері кеңінен түсіндірілді;
•Қызметтік мінез-құлық стандарттары және азаматтармен өзара іс-қимыл мәдениеті талқыланды;
•Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен қолданыстағы жауапкершілік шаралары қарастырылды;
•Ашықтық, әділдік және заң үстемдігі қағидаттарының маңыздылығы атап өтілді.
 
Мемлекеттік қызметші – мемлекет пен халық арасындағы сенім көпірі. Әдеп қағидаттарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем жол бермеу – әрбір мемлекеттік қызметшінің кәсіби әрі азаматтық міндеті.
 
Қоңыр ауылдық округі әкімдігі тарапынан бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-eskeldy-konyr/press/news/details/1169118?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version