Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2026 жылғы І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 24-25 ақпан күндері Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Темірбаева Мадина Сейдуалықызы Сайрам ауданына іс-сапары барысында Сайрам ауданының білім бөліміне қарасты «С.Рахимов» атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-не профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Мадина Сейдуалықызы «С.Рахимов» атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау