2026 жылғы 25 ақпанда аудан әкімдігінің мәжіліс залында Бейімбет Майлин ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы өтті.
Отырыс бюджет, экономика, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Ж. Ж. Калимованың төрағалығымен өтті.Күн тәртібінде маңызды мәселе-аудандық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ кәсіпорындарды мүліктік кешен ретінде жекешелендіру жөніндегі қоғамдық пікірді зерделеу қарастырылды.
Тыңдау жұмысына аудан әкімінің орынбасары, аудан мәслихатының төрағасы, депутаттар, қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, Әйет ауылдық округі мен Тобыл кентінің әкімдері, әкімдік бөлімдерінің басшылары, кәсіпорындар, жергілікті өзін-өзі басқару өкілдері, БАҚ және аудан тұрғындары қатысты.
Негізгі баяндамалармен аудан әкімінің орынбасары Е. Б. Ибраев және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Д. Ж. Жақсылықов сөз сөйледі..
Талқылау қорытындысы бойынша депутаттардың дауыс беруі өтті. Көпшілік дауыспен «Тобыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын бәсекелестік ортаға бермеу туралы шешім қабылданды. Нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар мен қорытынды хаттама рәсімделетін болады.
Қоғамдық тыңдаулар өзара сыйластық пен сындарлы диалог қағидаттарын сақтай отырып, ашық форматта өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-beimbet-maylin/press/news/details/1169388?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау