2026 жылғы 26 ақпан сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы туралы хабарлама
2026 жылғы 26 ақпан сағат 15.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихаты тұрақты комиссиясының төрағасы С.Ш. Манасбаев ашып жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
Мәслихат сессиясының бекітуіне енгізілген мәслихат шешімдерінің кейбір жобаларын алдын ала қарау туралы:
- Мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 266 «Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін тарату және қайта құру туралы.
- Мәслихаттың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 331 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2013 жылғы 31 шілдедегі № 176 «Қостанай облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен марапаттау туралы.
Қатысуға өтініш мына телефон арқылы: 8(7142) 542430, 542080.
Электрондық пошта: 575601@mail.kz
Онлайн-көрсетілімге сілтеме:
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1168615?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау