2026 жылдың 25 ақпанында Әділет департаментінің бас маманы, адвокаттар алқасының адвокаты, жеке сот орындаушы, нотариаттық палатасының өкілі «Анаға тағзым» отбасылық даму әлеуметтік орталығының ұйымдастыруымен «Отбасы құқығы және сот тәжірибесі» тақырыбында Ашық есік күні іс-шарасына қатысты.
Іс-шара барысында некеге тұру, оны бұзу, алимент өндіру,балалардың құқықтары, мүліктік қатынастарды реттеу мәселелері бойынша азаматтарға білікті әрі жан-жақты құқықтық кеңестер берілді.
Сонымен қатар, қатысушыларды толғандырған нақты құқықтық сұрақтарға жауаптар ұсынылып, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1169322?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау