Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі «Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы» ММ жыл сайын аудан аумағында фитосанитарлық мониторинг және фитосанитарлық іс-шаралардың орындалуын бақылауда жүзеге асырады.
Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң тiршiлiк ететiн орындары болып табылатын ауыл шаруашылығына арналған объектiлерде, автомобиль жолдарының, темiр жолдардың бөлiнген белдеулерi мен күзет аймақтарында және өзге де аумақтарда, сондай-ақ өсiмдiктен алынатын өнiмдерде зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң болуын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралардың жүргiзiлуiн бақылау жылына үш реттен аспайтын кезеңдiлiкпен және ұзақтығы екi күннен асырылмай, зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң дамуы мен таралуының оңтайлы мерзiмдерi басталған кезеңде жүргiзiледi.
Бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын іс-шараларға мыналар жатады:
1) зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер мекендейтiн орындарды анықтау жөнiндегi фитосанитариялық мониторинг жүргiзудi;
2) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы химиялық өңдеу жүргізу үшін пестицидтер сатып алуды, сондай-ақ пестицидтер қорын қалыптастыруды, сақтау мен жаңартып отыруды;
3) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қарсы пестицидтерді кедендік декларациялауды, сақтау мен тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
4) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары үйірлі шегірткелерге (азиялық, марокколық және итальяндық прус) қоныстанған орындарға химиялық өңдеу жүргізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды;
5)бюджет қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi залалсыздандыруды жүргiзудi;
6) өсiмдiктердi қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудi;
7) арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) ұстауды, салу мен жөндеуді;
8) пестицидтерді, оларды сақтау, тасымалдау, саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ шегірткелерге қарсы қоныстанған орындарды химиялық өңдеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтиды.
- Қызметі мемлекеттік фитосанитариялық бақылау объектілерімен байланысты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен жүзеге асырылатын іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) өз қаражаты есебiнен сатып алынған пестицидтердi өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлардың нұсқамасы бойынша залалсыздандыру;
2) зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу;
3) ауыл шаруашылық өнімін пестицидтердің қалдық мөлшерінің бар-жоғы тұрғысынан талдау және оған сараптама жасау.
- Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтары пестицидтерді тіркеушілердің (өтініш берушілердің) қаражаты есебінен жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жерлерінде, егер шегіртке зиянкестерімен қоныстанған алаң ЭЗШ-дан (экономикалық зияндылық шегі) асқан жағдайда, шаруа қожалықтарының басшылары қорғаныс шараларын өз бетінше жүргізеді. Өсімдіктерді қорғау туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі N 331 Заңына сәйкес 11-бап. «Фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шаралар Қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi».
Қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және Фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 19 наурыздағы № 100 бұйрығына сәйкес;
- Субъектілер өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және ЗЭШ-ден көп зиянды және аса қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) және саяқ шегірткетектестерді қоспағанда, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзеді.
- Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) және саяқ шегірткетектестерді қоспағанда субъектілер өз қаражаты есебiнен жүзеге асырады.
- Субъектілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын фитосанитариялық іс-шаралар осы Қағидалардың 13 және 23-тармақшаларында көрсетілген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шараларды жүргізуді үйірлі шегірткетектестер (азиялық, марокколық және итальяндық прус) және саяқ шегірткетектестерді қоспағанда, зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізуді қамтиды.
- Зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы фитосанитариялық іс-шаралар Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтермен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Аққулы аудандық аумақтық инспекциясы» Мемлекеттік мекемесі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-akkuly/press/news/details/1168650?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау