Жамбыл облыстық «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері А.Нұралиев, Ф.Жүнісова, Ж.Аббосов, А.Райқұлов Дихан ауылы орналасқан Дихан тірек мектебі педагогикалық ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның мазмұны мен маңыздылығы жан-жақты түсіндіріліп, алдағы референдумның ел болашағы үшін стратегиялық мәні кеңінен сөз болды. Ұстаздар қауымы тарапынан қойылған сауалдарға коалиция мүшелері нақты әрі тұщымды жауап беріп, ұсыныс-пікірлерді назарға алды.
Еркін пікір алмасу форматында өткен жиын өзара сенім мен жауапкершілікке негізделген мазмұнды диалог алаңына айналды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1169360?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау