«БАЛА ДАУЫСЫ – 2026»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«БАЛА ДАУЫСЫ – 2026»

Қазалы ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен және Арықбалық ауылдық округі әкімі аппаратының «Жанқожа батыр ауылдық мәдениет үйі» МКҚК ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған аудандық жас әншілер байқауы өтті.

Байқау округ әкімі Н. Сералиевтің жас өнерпаздарға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйлеуімен ашылды.

Өнер додасына қатысушылардың өнерін Ш. Мұхиядинқызы, Б. Өмірзақ, Е. Қалабай бағалады. Нәтижесінде:

 Бас жүлде – Торғай Сұлтан (Жанқожа ауылы)

 І орын – Бүркітбай Исманнур

 ІІ орын – Оразбай Әмина (Қазалы қаласы), Елтай Азима (Қожабақы ауылы)

 ІІІ орын – Қойшыбай Айару (Жанкент ауылы), Нағашыбай Ұлдана (Лақалы ауылы)

 «Көрермен көзайымы» – Сырман Ислам (Бозкөл ауылы)

Барша қатысушылар Алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жас таланттардың өнерін шыңдауға бағытталған бұл байқау олардың шығармашылық шабытын арттырып, үлкен сахнаға жол ашатын маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly-aryqbalyq/press/news/details/1169419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version