2026 жылдың 24 ақпанында Сарсен Аманжолов атындағы ШҚУ базасында стратегиялық педагогикалық форсайт-сессия және мектеп оқушыларының кәсіби бағдар беру жүйесі мен мансаптық сүйемелдеуді дамыту бойынша стратегиялық серіктестік туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының, мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының өкілдері, жұмыс берушілер, кәсіптік бағдар берушілер, еңбек нарығының сарапшылары, Кәсіпкерлер палатасының, Өскемен қаласының Мансап орталығының өкілдері және әлеуметтік серіктестер қатысты.
Шараны алғысөзбен С.Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры Төлеген М.Ә. және ШҚО ББ «Örken» әдістемелік орталығының директоры Коваленко С.Н. ашты. Спикерлер өз сөздерінде аймақ экономикасының нақты қажеттіліктеріне бағытталған жүйелі кәсіби бағдар беру моделіне өту қажеттілігін атап өтті.
Іс-шара аясында университет пен ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан облыстық ақпараттандыру және білімді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы, облыстық IT мектеп-лицейі және Өскемен қаласы, Глубокое және Улан аудандарының бірнеше жалпы білім беретін ұйымдары арасында стратегиялық серіктестік туралы келісімдерге қол қойылды.
Қатысушылардың ерекше назарын Шығыс Қазақстан облысындағы кадрлар қажеттілігінің аймақтық картасын таныстыру және кәсіби бағдар берудің жаңа тәсілдері — «кәсіпті таңдау» моделінен «мансап құру» моделіне өту жөніндегі баяндама аударды.
Форсайт-сессия барысында қатысушылар топтық жұмыс кезінде: ерте кәсіби бағдар беру механизмдерін, профильді сыныптар мен кәсіби сынақтарды дамыту, тәлімгерлік және тағылымдамалық жүйелерді, оқушылардың білім және мансаптық траекториясын таңдауын сүйемелдеу, «мектеп – колледж/ЖОО – жұмыс беруші» байланысын нығайту мәселелерін талқылады.
Меморандумдарға қол қою білім мен еңбек нарығының өзара әрекеттесуінің жаңа моделін құруға маңызды қадам болды, бұл модель серіктестік, ашықтық және аймақтың адами капиталының стратегиялық дамуына негізделген.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1168636?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау