2026 жылғы 24 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Отырыста ведомствоның 2025 жылғы қызметінің қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған негізгі міндеттері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары айқындалды.
Министр өз баяндамасында Мемлекет басшысы мен Үкіметтің азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік қолдау шараларын күшейту және халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмалары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар, әлеуметтік саясаттың басым бағыттары мен еңбек саласын одан әрі жетілдіру тетіктеріне тоқталды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдар, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер қатысты.
Кеңейтілген алқа отырысының қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған нақты міндеттер белгіленіп, оларды іске асыру жөніндегі тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/trud-zhambyl/press/news/details/1168580?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау