2026 жылғы 25 ақпанда елімізде «2026 жылғы көктемгі кезеңдегі су тасқыны жағдайының қолайсыз дамуында төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды дайындау және жүргізу» тақырыбында «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайындағы төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.
Оқу-жаттығуды үйлестіру және басшылық ету республикалық штабы Астана қаласындағы ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және жедел басқару орталығының базасында орналасады. Оқу-жаттығудың жетекшісі-Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр генерал-майор Р.Ф. Камалов.
Оқу-жаттығуға республикалық азаматтық қорғау қызметтері, орталық атқарушы органдар, жергілікті атқарушы органдар, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары қатысуда.
Оқу-жаттығу шеңберінде еліміздің түкпір-түкпірінде ТЖ-ны жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізілетін болады.
Оқу-жаттығудың бірінші күні көктемгі кезеңдегі ТЖ-ны жою үшін тартылатын күштер мен құралдар топтамасының дайындығына келтірілді, ТЖ-ны жою бойынша шешімдер қабылдау және іс-шараларды орындау бойынша іс-шаралар пысықталуда. Республикалық және аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығы тексерілді.
Өңірлерде елді мекендерден қар шығару, автомобиль және теміржол жолдарындағы каналдарды, арықтарды, су өткізу құрылыстарын тазарту жұмыстары, сондай-ақ барлық азаматтық қорғау қызметтерін тарта отырып, басқа да алдын алу іс-шаралары жүргізілуде.
Практикалық іс-қимылдарды пысықтау үшін су басуға неғұрлым бейім елді мекендер айқындалды, онда су тасқыны қаупі төнген және туындаған кезде азаматтық қорғау қызметтерінің іс-қимылдары бойынша өңірлік тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өткізіледі.
Оқу-жаттығудың соңғы кезеңі су тасқыны қаупі төнген және орын алған кезде қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіруді арттыруға бағытталған өңірлік тактикалық-арнайы жаттығулар болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1169407?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау