Ауылдық дәрігерлік амбулатория ұжымымен Конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылауға арналған кездесу өтті. Ақ халатты абзал жандар ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжаттың жобасын зерделеп, денсаулық сақтау саласына қатысты нормаларға ерекше қолдау білдірді.
Жиын барысында Жаңа Конституция жобасының басымдықтары жан-жақты сөз болды. Реформаның өзегі — әлеуметтік саясатты күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру. Медицина қызметкерлері үшін ең маңызды жаңалық — мемлекеттің денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған конституциялық кепілдіктері.
Амбулатория мамандары өздерінің күнделікті жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, реформаның халықтың өмір сапасын арттырудағы рөліне тоқталды. Дәрігерлер жаңа бастамалардың қоғам ішіндегі шынайы сұраныстардан туындағанын алға тартты.
«Біз үшін Конституцияда денсаулық сақтау саласының басым бағыт ретінде көрсетілуі өте маңызды. Бұл тек медицинаның дамуы емес, бұл — ұлт саулығының кепілі. Реформалар аясында медициналық көмектің сапасы артып, ауылдық жерлердегі қызмет көрсету деңгейі жаңа сатыға көтеріледі деп сенеміз», – деді амбулатория ұжымы.
Еңбек ұжымы Конституция жобасы елдің ұзақ мерзімді тұрақты дамуына берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Жиын соңында медицина қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге бағытталған өзгерістерді бірауыздан қолдап, алдағы саяси науқанға белсенді қатысатындарын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1169319?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау