Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына тыйым салу — әдеп пен жауапкершілік талабы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қызмет жүйесінде қызметтік әдепті сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді орындау басым бағыттардың бірі болып қала береді.

2024 жылғы 8 шілдедегі № 116-VIII ҚР Заңына сәйкес (2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуына тыйым салуды көздейтін өзгерістер енгізілді.

Аталған норма лудоманияның алдын алуға және адалдық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

Әдеп кодексіне сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпыға бірдей моральдық-этикалық нормаларды сақтауға және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын-сауық мекемелеріне барудан бас тартуға тиіс.

Белгіленген шектеулерді сақтамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға не қызметтен босатуға әкеп соғады.

Мемлекеттік қызмет — қоғамның ерекше сенімі, ол жоғары жауапкершілік пен мінсіз мінез-құлықты талап етеді.

Әдеп жөніндегі уәкілі – А.А.Оспанова

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-akmola/press/news/details/1169310?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version