Округ әкімі Б.Сүгіралиев Софиевка ауылының еңбегі сіңген тұрғындары— Алексейчук Николай Ивановичті, Бозгулов Ибрагим Құдайбергенұлын, Петрова Захида Турсынбайқызын мерейтойларымен, сондай-ақ Бейсекеев Әлібек Мұхатұлын зейнеткерлікке шығуымен аудан әкімі Д.Сабырғалиұлының атынан құттықтау хатпен құттықтады.
Сіздердің ұзақ жылдар бойы адал еңбектеріңізге, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Сіздерге мықты денсаулық, өмірлік күш-қуат, отбасыларыңызға амандық пен ұзақ ғұмыр тілейміз.
Жаңа өмір кезеңі тыныштыққа, берекеге, отбасы жылуына, жақындарыңыздың қамқорлығына және тек жарқын да қуанышты сәттерге толы болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd-sofievka/press/news/details/1168681?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау