Павлодар облысының 2026 жылғы қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындылары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЭКОНОМИКАНЫҢ НАҚТЫ СЕКТОРЫ

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі – 367,4 млрд. теңге.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге  қарағанда 101,4%.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 13,2 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,4%.

соның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1,0 млрд. теңге (НКИ – 115,5%), мал шаруашылығы – 12,0 млрд. теңге (НКИ – 103,7%).

6,4  мың тонна (105,6%) – өндірілген ет (тірі салмақта), 14,5 мың тонна (94,4%) – сүт, 16,8 млн. дана (110,4%) – жұмыртқа өндірілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 4,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 104,3%.

Барлық көздер есебінен 5,6 мың шаршы метр тұрғын үй енгізілді.
Өсу қарқыны 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 81,2%.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар 25,9 млрд. теңгені құрады.
Нақты көлем индексі – 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 106,5%.

Қаржыландыру көздері: бюджет қаражаты – 1,6 млрд. теңге (0,1%), кәсіпорындардың меншік қаражаты – 20,5 млрд. теңге (78,9%), банк кредиттері – 4,6 млрд. теңге (17,9%), басқа қарыз қаражаты – 0,8 млрд. теңге (3,1%).

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында қолданыстағы субъектілер саны 57,0 мың бірлікті немесе 2025 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 103,0%-ды құрады.

2025 жылғы қыркүйек кезеңінде ШОК өнімін, тауарларын мен қызметтерін шығару 1 628,6 млрд. теңгені (115,8%), жұмыспен қамтылғандар саны – 141,8 мың адам. (97,9%) құрады.

Сыртқы сауда айналымы 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан ішінде (ЕАЭО-ны қоса алғанда)  5 038,9 млн. АҚШ долларын немесе 2024 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 97,2% құрады.

Соның ішінде  тауарлар экспорты – 3 551,1 млн. АҚШ доллары (өсуі-7,5%), импорт – 1 487,9 млн. АҚШ доллары (өсуі 14,5%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы оң  – 2 063,2 млн. АҚШ доллары.

2025 жылғы қаңтарда облыстың көлікпен жүк тасымалдау көлемі 7,2 млн. тоннаны (2025 жылғы қаңтарда 106,6%), жүк тасымалы айналымы – 3,0 млрд. тонна шақырымды (99,3%), жолаушы айналымы 0,7%-ға азайды.

2025 жылғы қаңтарда байланыс қызметінен түскен кіріс 1 625,2 млн. теңгені құрады (2025 жылғы қаңтарда 95,1%).

2026 жылғы желтоқсанда ішінде тұтыну бағасының индексі 2025 жылғы желтоқсанға қарағанда 101,1%, соның ішінде: азық-түлік тауарларына – 100,9%, азық-түлік емес тауарларға – 101,7%, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 100,9%.

2025 жылғы қаңтарда мемлекеттік бюджетке 58,5 млрд. теңге салық және басқа міндетті төлемдер немесе кезең жоспарға қарағанда 4,6% түсті, соның ішінде республикалық бюджетке 22,8 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 3,7%), жергілікті бюджетке 35,7 млрд. теңге (кезең жоспарға қарағанда 5,4%) аударылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

2025 жылғы 4-тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.

2025 жылғы қаңтар-қыркүйек ішінде орташа айлық номиналды жалақы 405,8 теңгені құрады, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңінен 12,7%-ға жоғары.

Әлеуметтік салаға 355,7 млрд.теңге бөлінді (облыс бюджетінің 50,8%), соның ішінде білім беруге – 241,2 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 16,1 млрд.теңге.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 85%-ды,     3-тен 6 жасқа дейін – 100%-ды құрайды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-econom/press/news/details/1169374?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version