ПЕДАГОГ СТАРТТА: ТӘЛІМГЕРЛІК АРҚЫЛЫ НАВИГАЦИЯ
2026 жылғы 25 ақпанда Қостанай қаласында «Жаңа буын тәлімгерлігі: педагогтың бейімделу трегі» тақырыбында облыстық әдістемелік семинар – кейс-сессия өтті. Іс-шараның мақсаты – жас педагогтердің кәсіби бейімделуінің басқарушылық құралы ретінде тиімді тәлімгерлік жүйесін жобалау және енгізу. Семинар облыстық директордың ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларының әдістемелік бірлестігі жоспары және «МО синергиясы: кәсіби дамудың бірыңғай әдістемелік платформасы» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылды.
Семинар барысында:
– тәлімгерлік жүйесіндегі басқарушылық рөлдер қарастырылды;
– тәлімгерліктің заманауи модельдері және олардың нәтижелері ұсынылды;
– TEDx-сессиялар, коучинг-блоктар және командалық жобалау жұмыстары өткізілді.
Практикалық воркшопта қатысушылар жас мұғалімдердің кәсіби қиындықтары мен ресурстарын диагностикалады.
Семинар спикерлердің (Сражатова Н.Д., Ельжасов И.Б., Топаева Г.Ф., Батура Л.В., Шошакова Ж.К., Медебаева Д.М., Тихонова Л.В., Коровина А.В., Кочутова Г.А.) ықпалымен білім беру ұйымдарында тәлімгерлік мәдениетін дамытуға, тәжірибе алмасуға және кәсіби өсуге тиімді алаң болды. Таңдалған трек логикасы аясында қатысушылар педагогтің кәсіби жолының бастапқы кезеңіндегі қолдау тетіктерін талқылап, табысты бейімделуге бағытталған практикалық шешімдер ұсынды.
Іс-шараның шығармашылық форматы ерекше атмосфера қалыптастырды: жасанды интеллект құралдарын пайдалану арқылы қатысушылар директордың орынбасарының гимнін әзірледі. Бұл гимн бірлік пен командалық рухтың, креативтілік пен инновацияға ашықтықтың символына айналды.
«Энергияны белсендіру» кезеңі қатысушылар тарапынан ерекше жылы қабылданып, жоғары мотивациялық әсерімен, белсенді қатысумен және жағымды эмоционалдық ахуалымен ерекшеленді.
Семинар мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Ол заманауи тәлімгерлік – педагогтің кәсіби табысқа жету жолындағы тиімді навигация екенін айқын дәлелдеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1169358?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау