Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуы, салық түсімдерін арттыру тетіктері және бюджеттің игерілу барысы жан-жақты талқыланды.
Мәжілістің күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Шакен Жаңбырбаев баяндама жасап, жергілікті бюджет кірістерін ұлғайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді.
Жиын барысында қала әкімі тарапынан өзге өңірлерде тіркелген, алайда Түркістан қаласының бюджеті есебінен қаржыландырылатын мердігер ұйымдардың қала аумағында тіркелмеуі қатаң сынға алынды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселесі бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Олжас Булегенов бюджеттің игерілу барысы туралы баяндады. Қала әкімі әр апта сайын игерілмеген қаржы бойынша «қызыл аймақтағы» бөлімдердің тізбесін жасап, жүйелі бақылауға алу туралы нақты тапсырма берді.
Қорытынды сөзінде қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ірі кәсіпорындар мен құрылыс компанияларының Түркістан қаласында табыс тауып отырып, салықты өзге өңірлерге төлеуі жол беруге болмайтын жағдай екенін атап өтті. Осыған байланысты, барлық бөлім басшыларына әрбір мердігер және кәсіпорынмен жеке жұмыс жүргізіп, оларды қала аумағында тіркеу, салық базасын кеңейту және бюджет кірістерін ұлғайту бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1168603?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау