Қазақстанда тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және жаңғырту жүзеге асуда. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді.
Министр 2025 жылы ірі нысандар пайдалануға берілгенін атап өтті. Олар:
Ақтөбе қаласындағы қуаты 2,2 мың тонна «Қазфельтек» жүнін қайта өңдеу жобасы;
Ақмола облысындағы қуаты 2,4 мың тонна «Агро Протеин» жемшөп қоспаларын өндіру жобасы.
Саланы одан әрі дамыту мақсатында 9,9 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар қосымша 1,3 млн тонна өңдеу қуатын іске қосады
, — деді Айдарбек Сапаров.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-ush/press/news/details/1169005?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау