Бүгін аудан әкімі Қостөбе ауылдық клубында тұрғындармен кездесу өткізді. Алдымен, аймақ басшысы өткен жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға тоқталса, ауылдық округ әкімі Мұхтар Мамышев ауылдың тұрмыс-тіршілігін, өткен жылда атқарылған жұмыстарды слайд арқылы сабақтастыра баяндады. Бұдан соң еркін форматта сұрақ-жауапқа ауысты.
Тұрғындар тарапынан жолаушыларға арналған аялдама соғу, ауылдық клубқа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру үшін музыкалық үйірме мектебі қажеттігі, Сарымолдаева көшесіне балалар ойын алаңшасын салу мәселелері көтерілді. Аудан басшысы халықтың айтқан әрбір өтініші мен ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді. Аялдама соғу жұмыстары заңдылығына қарай жүргізілетінін, ал, музыкалық үйірмеге қатысты ауылдық клуб ішінде Бурыл мектебінің филиалы үйірме жұмыстарын жүргізіп жатқандығын айтты.
Кейбір мәселелерге қатысты тиісті бөлім басшылары мен ауыл әкімі түсініктеме беріп, заңдылықтарға сәйкес жауаптарын айтты.
Кездесу соңында аудан басшысы бірқатар тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштерін тыңдады. Әрбір қоғамдық қабылдауға қатысушыға заң талаптары аясында жауаптар беріліп, кейбір өтініштерге қатысты ауыл әкімшілігіне тапсырма берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1169276?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау