Қызметтік үйлесімділік пен тәртіп: Шымкент полицияның гарнизондық таратуы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының Полиция департаментінде жеке құрамның гарнизондық таратуы өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, қызметтің маңыздылығын айқындай түсті. Шараға департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Саптық байқауды департамент бастығы Мұхтар Қожаев өткізіп, алдағы кезеңге қойылған негізгі міндеттерді айқындады. Сонымен қатар заңдылықты қатаң сақтау, қызметтік тәртіпті нығайту және халықпен ашық әрі сындарлы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Апталық саптық байқауларды өткізу қызметтік даярлықты жетілдіруге, әрбір қызметкердің жауапкершілігін арттыруға және ұжымдағы қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған.
Мұндай шаралар жеке құрамның ұйымшылдығын күшейтіп, тәртіпті нығайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы міндеттерді сапалы әрі адал атқаруға серпін береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-shymkent/press/news/details/1169097?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version