Шортанды кентінде көлік жүргізу куәлігі жоқ электр скутердің мас жүргізушісі ұсталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

25 ақпанда сағат 00:30 шамасында Шортанды кентінде патрульдеу барысында “Тасымалдаушы” жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын анықтады.
Пушкин көшесінде полиция үш доңғалақты электр скутерін байқады, ол қатты дыбыс шығарып, жолда ретсіз жүрді. Жүргізуші қауіпті маневрлер, дрифт жасап, осылайша айналасындағыларға қауіп төндірді.
Полиция қызметкерлері көлікті дереу тоқтатты. Әңгіме барысында мас болудың айқын белгілері анықталды. Медициналық қорытындыға сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас болған.
Сонымен қатар, ер адамның осы көлік құралын басқару құқығына тиісті санаты болмағаны анықталды.
Электр скутері арнайы айып тұрағына қамалды. Құқық бұзушыға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданды.
21 ақпанда басталған “Тасымалдаушы” жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері полицейлер көлік құралдарын мас күйінде басқарған 16 жүргізушіні ұстады.
Мас күйде көлікті басқару ең қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі болып табылады.Мұндай жүргізушілер жол қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндіреді және ауыр жол-көлік оқиғаларына кінәлі болуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1169501?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version