«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жүргізушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы

«Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері аудандық прокуратура өкілдерімен және Маңғыстау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, жүк көліктері мен такси қызметін жүзеге асыратын жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында:
🔹 Жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау;
🔹 Жүк тасымалдау талаптарын орындау;
🔹 Такси қызметін заң талаптарына сәйкес жүзеге асыру;
🔹 Құжаттардың толық әрі заңды болуы мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді.

Мұндай профилактикалық шаралардың басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, заңсыз тасымалға жол бермеу және жүргізушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1169473?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version