Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін 25 ақпанда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Ауданның тұрғын үй-коммуналдық қызметінің атқарылған жұмысы туралы бөлім басшысы Р. Н.Маркасарин баяндама жасап, аудан депутаттарын бөлімнің өткен кезеңдегі жұмысы туралы тереңінен таныстырды. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілді, осы мақсатта 2025 жылы 7 жоба сәтті іске асырылды. Аудан аумағында жылыту маусымы штаттық режимде өтуде: 4 жаңа жылыту қазандығы орнатылды, аудандық аурухананың стационары үшін блоктық-модульдік қазандық сатып алынды, жылу энергиясын үздіксіз беру үшін резервтік қазандықтар сатып алынды. Сондай-ақ, ауданды абаттандыру, қала және аудан ауылдарының көшелеріне асфальт төсеу, сондай-ақ аудандық деңгейдегі жолдар бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы ақпаратпен аудан әкімінің орынбасары                                Ж.Б. Мұхамеджановқа және ТЖ бөлімінің бастығы Б. Б. Омаровқа сөз берілді. Баяндамашылар өткен жылдардағы су тасқынын болдырмау мақсатында атқарылған және алдағы су тасқынына қарсы жұмыстар туралы кеңінен хабардар етті. 2025 жылдың жазғы-күзгі кезеңінде инженерлік жұмыстар жоспары әзірленді, ол 100% орындалды. Аудан еріген судың келуіне дайын, бұл мәселе облыс және республика басшылығының бақылауында.

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 36/2 «Шал ақын ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, сондай-ақ ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы мәселелермен экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.П. Андрееваға сөз берілді, ол жоспарланған қаржылық өзгерістермен толықтай таныстырды.

Баяндамашылар сөз сөйлегеннен кейін депутаттар жоғарыда аталған мәселелерді талқылауға белсенді қатысты, дауыс беру нәтижелері бойынша тиісті қаулылар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shalakyn/press/news/details/1169334?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version