25.02.2026 жылы, Жамбыл облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас мамандары Р. Норматова және Ж. Досмырзаевамен “Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің Сағадат Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектебі” КММ-де «Интернет-алаяқтық» және «Сот шешімін тек сот арқылы және заңда белгіленген тәртіппен шағымдану» тақырыбында лекция оқылды.
Іс-шара барысында, алаяқтықтың алдын алу үшін интернет желісінде мобильді нөмірлер туралы мәліметтерді олардың сауалнама деректеріне байланыстырмай, әлеуметтік желідегі парақшаларда, желіде берілетін хабарландыруларда ұялы телефон нөмірін аты-жөнімен, тұрғылықты мекенжайымен және басқа да жеке ақпаратпен қатар көрсетпеу банктік карталарға және «Мобильді банк» қызметіне тіркелген ұялы телефон нөмірлерін интернет желісінде пайдаланбау керектігі туралы түсіндірілді.
Сонымен қатар, сот актілеріне заңда белгіленген тәртіппен шағымдану мүмкіндігі туралы ақпарат беріліп, сондай-ақ сот жүйесіне деген сенімді арттыру және оның тәуелсіздік принциптері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша оқушылар мен мұғалімдердің сұрақтарына жауаптар беріліп, интернет желісінде ақпарат алмасудың ең ірі құралы бола отырып, ақпараттық технологияларды пайдалануға байланысты қылмыстардың қарқынды өсуі туралы айтылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1169367?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау