Жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында “Дарынды балаға – талантты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Кәлпе орта мектебінің педагог-психологы Базарбаева Еркежан Жолдасовна жүлделі 3-орынды иеленді. Жас педагогіміздің облыс көлеміндегі нәтижелі жетістігі құтты болсын!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-zholbarys-batyr/press/news/details/1169094?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау