Жетісуда су тасқынына қарсы жұмыстар жүйелі жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

      Жетісу облысында су тасқыны кезеңіне дайындық және алдын алу шаралары кешенді түрде жүзеге асырылуда. Бүгінде өңірдегі гидрологиялық жағдай тұрақты.

     2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында 2025 жылы барлығы 26 инженерлік іс-шара жоспарланып, оның 24-і толық орындалды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде:

    3 км қорғаныс дамбалары салынып, жөнделді;

   14,8 км су бұру арналары мен арықтар орнатылды;

   11 км өзендер мен канал арналары механикалық тазартылды;

   13 км өзен арналары тереңдетіліп, жағалаулары нығайтылды.

   Қалған 2 жоба облыстың даму жоспарына сәйкес іске асырылуда.

  Су тасқыны кезеңінде қауіпті учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, тұрақты мониторинг жүргізілді. Облыстағы 48 су бұру арнасының 31-і арқылы тасқын сулар қауіпсіз өткізілді. Тіркелген жергілікті су басу жағдайларында тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары зардап шеккен жоқ.

   Өзендердегі су деңгейі орташа көпжылдық көрсеткіштерге сәйкес келеді. Өзен арналары ашық, мұз кептелісі тіркелмеген.

   Су тасқыны жағдайы күрделенген жағдайда әрекет ету үшін қажетті күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді: 2965 адам, 534 техника, 193 мотопомпа және 27 жүзу құралы. Сондай-ақ 130 мың қап, 5,5 мың тонна инертті материал және 82 тонна жанар-жағармай қоры жасақталды. 235 эвакуациялық пункт әзірленді.

   Қабылданған шаралар өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көктемгі су тасқынының ықтимал салдарын азайтуға бағытталған. Су тасқыны жағдайы Департаменттің тұрақты бақылауында.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhetisu/press/news/details/1169459?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version