Жолда мәдениеттілік танытып, жауапкершілікті сезініп, адам өмірін бәрінен биік қояйық!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында республикалық «Тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы, оның ішінде Жол-техникалық инспекциясы, Көлік прокуратурасы, Мемлекеттік кірістер департаменті және ҚазАвтоЖол ҰК АҚ МОФ өкілдерінің қатысуымен бірлескен рейдтік шаралар аясында өткізіліп жатыр.

Шара барысында әр ведомство өкілдері өз құзыреті шеңберінде жұмыс атқаруда.

4 күннің қорытындысы:

  • Техникалық ақауы бар көлікті басқару – 98 дерек

  • Көлікті заңсыз қайта жабдықтау – 19 дерек

  • Міндетті техникалық байқаудан өтпеу – 74 дерек

  • Көлікті басқару құқығы жоқ жүргізушілер – 28 дерек

  • Көлік құралын басқару құқығынан айырылған 6 жүргізуші анықталды

Сонымен қатар:

  • 66 көлік құралы айып тұрағына қойылды;

  • 100-ге жуық көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлері алынды;

  • Техникалық талаптарға сәйкес келмейтін көліктерді пайдалануға жол берген 14 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жол қозғалысы ережелерін сақтау – жай ғана талап емес, адам өмірін қорғаудың басты кепілі.
Жолда мәдениеттілік танытып, жауапкершілікті сезініп, адам өмірін бәрінен биік қояйық!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1169497?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version