Антибиотиктер – медицинаның ең ұлы жаңалықтарының бірі. Олардың арқасында адамзат пневмонияны, туберкулезді, сепсисті жеңіп, операциядан кейінгі асқынулардың алдын алып, миллиондаған адамның өмірін сақтап қалды.
Алайда бүгінде әлем алдында үлкен сынақ тұр – бұл антибиотиктерге төзімділік. Антибиотиктерге төзімділік – бактериялардың бұрын тиімді жойған дәрілерге бейімделіп, төзімділік қалыптастыру қабілеті.
Антибиотиктерге төзімділік неге әсерін тигізеді:
– бұрын бірнеше күнде жазылатын инфекциялар өмірге қауіпті бола бастайды:
– қарапайым операциялар мен босану өлімге әкелетін асқынулармен жүруі мүмкін;
– Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, жыл сайын жүздеген мың адам емге көнбейтін инфекциялардан көз жұмады.
Антибиотиктерге төзімділіктің қаупі неде?
– инфекцияны емдеу ұзаққа созылады, қымбатқа түседі және әрдайым нәтиже бермейді;
– ең күшті дәрілерге де көнбейтін «супербактериялар» пайда болады;
– 2050 жылға қарай антибиотиктерге төзімділік жыл сайын 10 миллионға дейін адамның өліміне әкелуі мүмкін – бұл қатерлі ісіктен де көп.
Тұрақты инфекциялардың дамуын болдырмау, қолданыстағы дәрі-дәрмектердің тиімділігін сақтау, инфекциялардың таралу қаупін азайту, жануарлардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау мақсатында мыналарды ұсынамыз:
- Өзін-өзі емдемеу: антибиотиктерді тек дәрігердің нұсқауымен қабылдау.
- Вирустық инфекцияларда (тұмау, суық тию) антибиотик талап етпеу.
- Дәріні қатаң схема бойынша қабылдау: өткізіп алмау, курсты ерте тоқтатпау.
- Антибиотиктің қалғанын пайдаланбау және басқаларға бермеу.
- Алдын алуды ұстану: вакцинация, гигиена, қауіпсіз тамақтану.
Есіңізде болсын: антибиотиктер – панацея емес. Олардың тиімділігі әрқайсымыздың жауапты қарым-қатынасымызға байланысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1170180?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау