Оның ішінде 506 мың гектарға – дәнді дақылдар, 75 мың гектарға – майлы дақылдар, 277 мың гектарға – мал азығы дақылдар себіледі. Картоп 3,5 мың гектарға, ал көкөніс 3,3 мың гектарға егіледі.
2026 жылғы өнімге 283 мың гектар жер дайындалды, оның ішінде 170 мың гектары – сүр, 113 мың гектары – сүдігер. Көктемгі егіске қажетті 90%-ы әзірленген. Дайындалған тұқымның 42 мың тоннасы сапа сараптамасынан өтіп, оның 99%-ы кондициялы деп танылды.
Егіс науқанына шамамен 1,5 мың трактор, 100-ден астам егіс кешені, 1,4 мың дәнсепкіш және 1,8 мың топырақ өңдеу техникасы тартылмақ. Техниканың 90%-ы дайын, жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1169964?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау