Астанада «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада көктемгі су тасқыны кезеңінде әрекет етуге басқару органдары мен қалалық азаматтық қорғау қызметтерінің дайындық деңгейін арттыруға бағытталған «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығу аясында жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылып, iKomek 109 жүйесі арқылы халықты және мүдделі мемлекеттік органдарды хабардар ету жүзеге асырылды.

Сонымен қатар арық-канал жүйелерін, су өткізу құрылыстарын тазалау, қар шығару жұмыстарын қамтитын алдын алу іс-шаралары басталды. Бұдан бөлек, Астана қаласының жедел ден қою бөлімшелерінің көктемгі кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларға дайындығы тексерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1169597?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version