Батыс қазақстан облысында туберкулездің алдын алу айлығы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Батыс Қазақстан облысында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай туберкулездің алдын алу айлығы өтуде. Іс-шара «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз! Қазақстанның көшбасшылығы. Инновациялар және адамдардың күші» ұранымен ұйымдастырылып отыр.

Айлықтың басты мақсаты — тұрғындардың туберкулездің алдын алу шаралары туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және профилактикалық тексерулерден уақтылы өтуге ынталандыру. Ауруды ерте кезеңде анықтаудың маңызы ерекше, себебі дер кезінде қойылған диагноз асқынулардың алдын алып, инфекцияның таралу қаупін айтарлықтай төмендетеді.

Айлық аясында өңірде ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылып, тұрғындарға туберкулездің берілу жолдары, сақтану тәсілдері және жүйелі медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zko/press/news/details/1170384?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version