Бастаушы ауылдық кітапханасында 24 ақпан күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Қабдеш Жұмаділовтың «Тағдыр – тарихи романы – ұлттық қасірет пен қайсарлықтың шежіресі» атты дөңгелек үстел өтті. Іс – шара барысында қатысушылар романның негізгі тақырыбы, кейіпкерлер тағдыры, автордың тарихи шындықты бейнелеудегі шеберлігі туралы Бастаушы ауылымыздың әжесі, ауылдық кітапхананың оқырманы Күлбағи Ержанова апамыз және Абай атындағы орта мектебінің қазақ-тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі Қ. Рысбекова мен 5 сынып оқушылары пікір алмасты. Дөңгелек үстел оқырмандардың тарихи танымын кеңейтіп, ел тарихына деген құрметін арттыруға бағытталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar-bastaushy/press/news/details/1169632?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау