Жаңасемей ауданы бойынша өңірлік коалиция штабының мүшелері Шүлбі кентіндегі медициналық мекемелердің ұжымдарымен кездесті. Ақпараттық-түсіндіру тобы дәрігерлік амбулатория мен психиатриялық аурухананың қызметкерлерімен жүздесіп, алдағы республикалық референдумның мәнін түсіндірді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері Ата Заңға енгізілетін өзгерістердің әлеуметтік бағытына ерекше назар аударды. Әсіресе, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және азаматтардың денсаулығын қорғау мен әлеуметтік кепілдіктерін нығайту мәселелері кеңінен қозғалды.
Медицина қызметкерлері ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын дамыту, кадрлық әлеуетті арттыру және жаңа реформалардың халықтың әл-ауқатына әсері туралы сұрақтарын қойды. Кездесуге қатысушылар еліміздегі саяси тұрақтылық пен заң үстемдігінің маңыздылығын атап өтіп, реформаларға қолдау білдірді.
Медициналық мекемелердің қызметкерлері ең ізгі мамандық иелері ретінде халықтың денсаулығы мен игілігіне күн сайын қамқорлық жасайтындарын, ұсынылып отырған реформалардың мемлекетіміздің іргесін нығайтуға бағытталғанын терең түсінетіндіктерін және осы бастамаларды қолдауға дайын екендіктерін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhanasemey/press/news/details/1170465?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау