Кездесулер барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары шығарылып, іске асырылған жобалар мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстар талқыланды. Тұрғындар абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту, жолдардың жай-күйі, сумен қамтамасыз ету, әлеуметтік сала және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша өздерін толғандырған сұрақтарды белсенді түрде көтерді. Барлық өтініштер мен ұсыныстар бақылауға алынып, әрқайсысына тиісті түсіндірмелер берілді.
Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз, сындарлы пікірлеріңіз және өз елді мекендеріңіздің дамуына бейжай қарамайтындарыңыз үшін аудан тұрғындарына алғысымды білдіремін. Халықпен тығыз байланыста ғана біз өзекті мәселелерді тиімді шешіп, Алтынсарин ауданында өмір сүру сапасын кезең-кезеңімен арттыра аламыз деп сенемін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-altynsarin-audany-akimat/press/news/details/1170311?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау