Есірткі контрабандасының арнасын жою туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды.

Бірлескен әрекеттердің нәтижесінде Алматы қаласында 8 кг синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

 

ҰҚК баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/1169607?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version