Б.Момышұлы атындағы орта мектебінде 8 сынып оқушыларына құқықбұзушылықтың, соның ішінде есірткі қылмысының алдын алу мақсатында «Закладчики. Мать» атты деректі фильмі көрсетілді.
Фильм барысында есірткі тасымалдау мен тарату («закладчик» әрекеті) салдарынан туындайтын құқықтық жауапкершілік, жасөспірімдердің өміріне келетін қауіп-қатер, ата-аналар мен қоғам алдындағы жауапкершілік мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Көрсетілімнен кейін оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, олардың сұрақтарына жауап берілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында зиянды әрекеттердің алдын алу, заң талаптарын сақтау және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-dostyk/press/news/details/1170462?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау