Бүгін, ағымдағы жылдың 26 ақпанында Н.С. Болатовтың төрағалығымен Ұзынкөл аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Қоғамдық кеңестің төрайымы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы және мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысты. Сессия Онлайн-трансляцияда Facebook әлеуметтік желінің парақшасында жүргізілді.
Сессия күн тәртібінің негізгі мәселелері: аудандық мәслихат төрағасының мәслихаттың қызметін ұйымдастыру бойынша атқарған жұмыстар туралы есебі және 2025 жылғы тұрақты комиссиялардың жұмысын қорытындылары болды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша аудандық мәслихат төрағасының 2025 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Төраға өз сөзінде мәслихат қызметінің негізгі көрсеткіштерін, жұмыстың жаңа бағыттары туралы айтып, депутаттық қызметке талдау жасап, тұрақты комиссиялардың нәтижелі жұмысын атап өтті.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыс қорытындылары туралы комиссия төрайымдары мен «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының басшысы сөз сөйледі, олар өз сөздерінде атқарылған жұмыстың қорытындыларын шығарып, өз қызметінің негізгі нәтижелерін атап өтті.
Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uzunkol/press/news/details/1170447?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау