Конституциялық өзгерістер – ел дамуының жаңа кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Мырзатай ауылдық дәрігерлік-амбулаториясының ұжымымен алдағы референдумға арналған кездесу өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын түсіндіру, қоғамдағы өзекті сұрақтарға жауап беру және азаматтарды ел тағдырына бейжай қарамай, референдумға белсенді қатысуға шақыру болды.

Кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістердің елдің дамуына, әлеуметтік әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтуға бағытталғаны айтылды.

Өз кезегінде медицина саласының қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.
Дәрігерлер қауымы Конституциялық реформалар әлеуметтік саланың, соның ішінде медицинаның дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1170116?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version