Меркі ауданы ТЖБ қызметкерлері Меркі ауылдық округінде жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі және көктемгі су тасқынының алдын алу тақырыптарында тұрғын үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар пеш, электр жылытқыштары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін еске салып, мұржаларды тазалау, электр желілерінің жарамдылығын бақылау және балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар тұрғындарға аула аумағын қардан тазарту, су ағатын арықтарды ашық ұстау және су басу қаупі туындағанда әрекет ету тәртібі бойынша ұсыныстар берілді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау