2026 жылғы 20 ақпанда жолаушы тасымалдау мекемелері қызметкерлері мен медициналық ұйымдарға арналған семинар өткізілді. Тақырыбы: «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығы бойынша міндетті медициналық қарап-тексерулер». Семинардың мақсаты – қызметкерлердің денсаулығын бақылау, аурудың бастапқы белгілерін уақытылы анықтау, кәсіби және жалпы аурулардың алдын алу, инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын болдырмау. Қорытынды: жұмыс беруші медициналық ұйыммен бірге міндетті медициналық қарап-тексеруге жататын адамдар тізімін жасап, Кодекстің 86-бабы 4-тармағына сәйкес бекітілген Перечень бойынша мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық органмен келіседі. Семинар соңында қатысушылар сұрақтарына жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1169968?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау