Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағындағы учаскелік полиция пункттеріне мониторинг жүргізді.
Мониторинг барысында учаскелік полиция пункттерінің материалдық-техникалық жағдайы, қызметтік кабинеттердің жабдықталуы, азаматтарды қабылдау үшін жасалған жағдайлар, ақпараттық стендтердің болуы, сондай-ақ учаскелік инспекторлардың күнделікті қызметін ұйымдастыру мәселелері зерделенді.
Сонымен қатар, тұрғындармен өзара іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстары, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы профилактика, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдау және қарау тәртібі қарастырылды.
Мониторинг қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру және азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсынымдар жолданатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-kyzylorda-oblysy/press/news/details/1170093?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау